Украина ұшағының апаты: Иранның элиталық әскері жауапкершілікті мойнына алатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Иранның элиталық әскері Ислам революциясы күзет корпусы Тегеран маңында құлаған украиналық ұшаққа қатысты жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдеді. Бұл туралы елдің әуе-ғарыштық күштерінің қолбасшысы генерал Амир Али Хаджизаде айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға орынан фото: twitter.com/ManotoNews
Оқиға орынан фото: twitter.com/ManotoNews: Depositphotos
"Біз барлық жауапкершілікті мойынмызға аламыз және билік (сол мемлекеттің) қабылдайтын кез келген шешімге дайынбыз", - дейді ол.

Сондай-ақ, Хаджизаде "украиналық ұшақтың құлағынын естігенде, бұл трагедияның куәсі болмас үшін өлгім келді" деп атап өтті.

Ол сонымен қатар Иранның қарулы күштері АҚШ-тан қарымта жауап күтіп, толық жауынгерлік әзірлікте болды деген нұсқаны да растады.

Хаджизаде мәлімдеме әлдекімнің апаттың себебін жасырып қалғысы келгендіктен емес, Бас штаб тексеріс жүргізуі керек болғандықтан кешіктірілгенін де атап өтті.

Хаджизаденың сөзін келтірген ISNA агенттігінің мәліметінше, ұшақ (ред. ескертпе апат болған) қанатты зымыранға ұқсаған.

"Оператордың шешім қабылдауға 10 секунд уақыты болды. Ол осы қателікті жіберді", - дейді Амир Али Хаджизаде.

Қолбасшысы "Иран қарулы күштері сол уақытта мемлекеттің әуе кеңістігі азаматтық ұшақтардан таза болсын деп бірнеше рет сұраныс жібергенін де" айта кетті.

telegram-канал Life Shot-тың хабарлауынша, ирандық әскерилер екі қате жіберген. Біріншіден оқ атқан әуе қорғаныс күштері жүйесі операторының байланысында ақау болған. Ода ату не атпау керектігін шештін небары 10 секунд уақыт болған.

Екіншіден әуе қорғаныс күштері жүйесінің өзі украиналық лайнерді қанатты зымыран деп қабылдаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иранның әуе қорғаныс күштері 8 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Иран қарулы күштері Бас штабының мәліметінше, бұған "адамның қателігі" себеп болған. Әуе кемесі маңызды әскери нысанның қасынан ұшып, оны байқаусызда жаудың ұшағы деп қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1835683-iranny-elitalyk-skeri-ukrainalyk-sakka-katysty-zauapkersilikti-mojnyna-alatynyn-mlimdedi/