Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әйелдерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы орталығында ер адам түнгі уақытта әйелдерге шабуылдап, тонаған. Бірнеше жәбірленуші полицияға жүгінді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері қаскүнемді ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда ер адам әйелдерді шабуылдаған
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Осылайша, 2019 жылы 20 желтоқсан күні қарақшы Желтоқсан-Жамбыл көшелерінің қиылысында түнгі уақытта бір әйелдің жанына барып, оны бопсалап, 236 мың теңгесін тартып алған.

Ал 2020 жылдың 11 қаңтар күні ер адам тағы бір қылмыс жасаған. Ол өзінің көлігінде отырған әйел адамға тап беріп, пышақпен сес көрсеткен. Осылайша, одан 70 мың теңгені алып алған.

Осы жылдың 15 қаңтарында күдікті қолға түсті. Күдікті 1981 жылы туған ер адам болып шықты. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ, бүгін көліктің ішінде жасалған ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 1998 жылы туған жас жігіт ұсталды.

Ол көліктің әйнектерін сындырып, ішінде болған мүлікті ұрлап кеткен. Қаскөй бір түнде үш ұрлық жасап, 70 мың теңгеге "байыған".

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында 59 жастағы ер адам 300 тал гүлді ұрлап, бейтаныс адамдарға таратып берген. Гүлдің қалған бөлігін қарақшы жергілікті базарда сатып жіберіпті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1836501-almatyda-jelderge-sabuyl-zasagan-er-adam-staldy/

pixel