Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы LRT құрылысы аяқтала ма: Қала билігі жауап берді

Опубликовано:

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтандағы жерүсті метросының құрылысына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев
Фото: Sputnik / Абзал Қалиев: Depositphotos

Оның айтуынша, LRT тапсырыс берушісі сәулет және қала құрылысы басқармасы болып табылады. Қазіргі уақытта жобаның екінші кезегінің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.

"Барлығы дайын болғанда, жерүсті метроның құрылысы туралы шешім түсінікті болады. Егер мемлекеттік сараптама бізге келісім берсе, бұл орынсыз деп айтпаса, құрылысты жалғастырамыз",- деді спикер.

Маман сараптаманың заңмен бекітілген мерзімде дайын болатынын мәлімдеді.

"Сараптама оның (жобаның- ред) өміршеңдігінің техникалық-экономикалық негіздемесіне баға беруі тиіс. Яғни, ол екінші кезектің қажеті бар-жоғын көрсетеді. Қорытынды шешімді ешкім құпияда ұстамайды",- деп түсіндірді Уранхаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Astana LRT" жобасын жүзеге асыруға қатысы бар барлық ұйымда тексеріс жүргізіп жатыр.

Елорда әкімінің экс-орынбасары Сұлтанбеков пен компанияның экс-басшысы Талғат Арданды "Astana LRT" жобасынан ақша жымқыру ісі бойынша Интерпол іздестіруде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктегі соңғы деректерге сәйкес, олар шетелдік компаниялармен сызба арқылы жұмыс істеген, ақшаны жобаның сомасын көтеру арқылы ұрлап отырған. Келісімшарттар жалған кәсіпорындар арқылы жүргізілген.

Есептелген шығын сомасы- 5 млрд теңге. Іс бойынша елорда әкімдігінің бес басшысы мен жекеменшік компанияның алты адамы өтіп жатыр. Олардың бесеуі қамауға алынды.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің астаналық департаментінің қызметкерлері арнайы күштермен бірлесіп, қылмыстық заңды бұзды деген күдікпен Әзірбайжан азаматын ұстады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837126-elordadagy-lrt-krylysy-aaktala-ma-kala-biligi-zauap-berdi/

pixel