Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекзат Нұрдәулетов әскер қатарына алынды (фото)

Опубликовано:

Бокстан 2019 жылғы 81 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетов әскер қатарына алынды. Боксшы Ақтауда әскери ант қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Instagram-дағы boxingkazakhstan парақшасына сілтеме жасап.

Бекзат Нұрдәулетов. Фото: Sputnik / Павел Лисицын
Бекзат Нұрдәулетов. Фото: Sputnik / Павел Лисицын: Depositphotos

Желідегі мәліметке сүйенсек, Бекзат Нұрдәулетов Ұлттық ұланның Ақтаудағы №6656 әскери бөліміне қабылданған.

Боксшы спорттық мансабын үйлестіре отырып, өзге жауынгерлер секілді бір жыл бойы отан алдындағы борышын өтемек.

Айта кетейік, өткен жылы Екатеринбургте бокстан өткен әлем чемпионатында Бекзат Нұрдәулетов төрт дүркін әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жеңімпазы кубалық бокшсы Хулио Сезар Ла Крузды жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бекзатты жеңісімен құттықтап, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов боксшыға Ақтаудан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс еткен болатын.

Ал Бекзаттың жасөспірім кезіндегі бапкері Батырбек Жайлыбаевқа үш млн теңге, қазіргі бапкері Марат Жәкиевке бес млн теңге берілген.

Сонымен қатар спортшы әлемдік дода сәтті өнер көрсетуінің құпиясымен де бөліскен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837198-bekzat-nrduletov-sker-kataryna-alyndy-foto/

pixel