Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланың ернінен неліктен сүюге болмайды

Опубликовано:

Ата-ана үшін бала баға жетпес байлық болып табылады. Нәресте шыр етіп өмір есігін ашқан уақытта олардың қуаныштан ерекше шаттанатыны жасырын емес. Сол уақытта бастап тағатсыздан күткен сәбилерін құшырлана сүю мүмкіндігіне ие болады. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz сайтына сілтеме жасап "Бақытты отбасы" отбасылық кеңес орталығының жетекшісі, коуч-тренер Елжас Ертайұлының "балаңыздың ернінен сүймеңіз" деген пікіріне тоқталуды жөн көрді.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Баланы ернінен сүюдің зияндары:

  • Нәрестенің иммунитеттері әлі әлсіз болғандықтан, біздің аузымыз арқылы микроптар ағзасына тезірек өтеді де жиі сырқаттанады.
  • Ұшық, безеу, тіс етінің жаралары секілді инфекциялардың өту қауіпі бар. Әсіресе, сәбилер мен балаларға ұшық өте қауіпті.
Балаларға жыныстық тәрбие беру барысында денелерінің өздеріне ғана тән бөлігі бар екенін және ол жерлеріне ешкімнің қол тигізуіне рұқсат бермеуі керек екенін айтып жатқанда, егер ата-ана өзі баласының ернінен сүйетін болса, баланың санасында қарама-қайшылықтар туындауы ғажап емес.
  • Ата-анасы ернінен сүйетін балалар басқалардың да ернінен сүюіне қарсылық білдірмейтіні дәлелденген. Себебі, балалар ата-аналарының барлық ісін дұрыс деп есептейді әрі осыған рұқсат етіледі деп ойлайды.
  • Әкесі ұлының, анасы қызының ернінен сүйген уақытта бала жыныс анықтауда қиналу, өскенде басқа жынысты таңдау, яғни өз жынысын иелене алмау секілді қауіптерге жол ашуы ықтимал.
  • ·Әкесі қызының, шешесі ұлының ернінен сүюі болашақта ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Тіпті, бұл балалар ертең үйленген кезінде отбасылық өмірі мен жыныстық өмірінде қиындықтарға душар болуы ғажап емес.
  • Еріннен сүю жыныстық белгілерді де қамтитындықтан, балада жыныстық дабыл ерте қағылып, баланың басы қатады әрі оның дамуына да кері әсерін тигізеді.
  • ·Әке-шешесі тарапынан ернінен сүйілетін бала мектепте досының немесе үйге келген қонақтың ернінен сүюге тырысса, онда оның бұл әрекеті қоғамды өз орнын табуына зиянын тигізуі мүмкін.

Еске сала кетсек, осыған дейін балаңызға айтуға болмайтын он сөз туралы жазған болатынбыз.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837421-balany-erninen-nelikten-suge-bolmajdy/

pixel