БҰҰ бас хатшысы әлемге қауіп төндіріп тұрған "төрт қатерді" атады
Жарияланған күні:
Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш бас ассамблеяда халықаралық ұйымның өткен жылдағы жұмыс қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттері жайлы баяндама жасай отырып, қазіргі уақытта әлемге төніп тұрған "төрт қатер" туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Радио Sputnik-ке сілтеме жасап.
"Мен XXI ғасырдың прогресі мен мүмкіндіктеріне қауіп төндіріп жатқан "төрт қатерді" көріп тұрмын", – дейді ол.
Гутеррештің айтуынша, бірінші "қатер" – "жоғары геостратегиялық шиеленіс". Ол аталған шиеленістердің адамдардың кең ауқымда азап шегуіне, ядролық қауіптің артуына апара жатқанын жеткізді.
Бас хатшының сөзіне қарағанда, екінші "қатер" – климаттық дағдарыс. Ол планетада атмосфераның орташа температурасы өсіп жатқанын, жануарлар мен өсімдіктердің миллиондаған түріне жойылу қаупі төніп тұрғанын еске салды.
Гутеррештің мәлімдеуінше, үшінші "қатер" – "артып келе жатқан жаһандық сенімсіздік". Ол әлемде саяси мекемелерге деген сенімнің төмендеп жатқанын, адамдардың үштен екісі теңсіздік деңгейі өсіп келе жатқан елдерде тұратынын атап өтті.
БҰҰ бас хатшысының пікірінше, төртінші "қатер" – "цифрландыру әлемінің қараңғы жағы". Ол жаңа технологиялардың қылмыс жасау, араздықты қоздыру және жалған ақпарат тарату мақсатында қолданылып жатқанын жеткізді.
Еске сала кетейік, БҰҰ-да әлемдік көшбасшылардың алдында экология мәселесін көтерген 16 жастағы Грета Тунберг "Жыл адамы-2019" атанған еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837447-b-bas-hatsysy-lemge-kauip-tndirip-trgan-trt-katerdi-atady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.