Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік дәрігерлер үш рет жүрегі тоқтап қалған әйел адамды құтқарып қалды (фото)

Опубликовано:

Шымкент дәрігерлері үш рет жүрегі тоқтаған келіншекті ажалдан аман алып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Қаңтардың 23-нен 24- не қараған түні қалалық перинаталды орталыққа 1961 жылы туған әйел а жеткізілген.

Жедел жәрдем қызметі 59 жастағы келіншектің жағдайы тым ауыр болғандықтан ең жақын маңдағы медициналық мекемеге апарыпты. Миы мен өкпесі ісініп кеткен науқастың қан қысымы да 255/160 болып көтерілген екен.

Перинаталды орталық реаниматологтары науқасқа жансақтау шараларын жасағанымен, әйелдің жүрегі 4 минутқа тоқтап қалады. Ақ халаттылар барын салып, бетін бері қаратқанда науқастың жүрегі тағы да 4 минуттай соқпайды.

Осылайша, өмір мен өлім арасында жатқан әйел адамның жүрегі бір түнде үш рет 4 минуттан тоқтап қалған.

"Шымкент қалалық перинаталды орталығының білікті дәрігерлері аман алып қалған әйелдің денсаулық жағдайы қазір бірқалыпты, жақсы. Қалалық бірінші ауруханаға ауыстырылды. Қажетті ем шараларын қабылдап жатыр", - деп мәлімдеді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Моңғолияда келіншек қазақтар тұратын қыстаққа шабуыл жасаған қасқырды өлтіріп, жұбайы мен отарын аман алып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837729-symkenttik-drigerler-s-ret-zregi-toktap-kalgan-jel-adamdy-ktkaryp-kaldy-foto/

pixel