Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жер бетінде төрт мың жыл бұрын пайда болған сұлының пайдасы туралы білесіз бе

Опубликовано:

Сұлы – жер бетінде 4000 жыл бұрын пайда болған дәнді дақыл. Ол туралы алғашқы жазбаларды Греция мен Үндістанның медициналық трактаттарынан кездестіруге болады. Сұлының тарихи отаны Монғолия мен Қытай болып саналғанымен, қазіргі уақытта ол көптеген еуропалық елдерде өседі. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы аталған дәнді дақылдың пайдасы туралы Muslim.kz сайтына сілтеме жасап ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Сұлы халық медицинасында, кулинарияда, косметологияда, тігін және қағаз өндірісінде, құрылыс материалдары өндірісінде пайдаланылады. Сонымен қатар, сұлының шаруашылықта алар орны ерекше.

Сұлының химиялық құрамы мен құнарлылығы

Сұлының пайдасы оның бай құрамымен байланысты. Бұл дақылда салмақты қалыптандыратын, қандағы холестерин құрамын қажетті деңгейде ұстап тұратын,  тамырларды атеросклерозды түйіндерден тазалайтын көптеген пайдалы заттектер бар. Бұлар  В, F, А, Е, крахмал, көмірсулар, ақуыздар, майлар, ферменттер, аминқышқылдары, минералды тұздар, эфир майы және қант.

Одан бөлек, микроэлементтердің бірегей жиынтығын да атап өткен жөн: хром, цинк, кремний, калий, мыс, селен, бор, вольфрам, йод, қалайы, титан, стронций, цирконий және марганец.

Алайда, бәріненде сұлының құрамында ас қорытуда және зат алмасуға қатысатын пантотенді қышқыл көп.

Бұл дақыл диеталық өнім болып саналғанымен, айтарлықтай құнарлы. 100 грамм өнімде 300 ккал бар.

СҰЛЫ ДӘНІНІҢ ҚҰРАМЫ:

• Крахмал 60%-ға дейін

• Ақуыз 14%-ға дейін

• Майлар 9%-ға дейін

Сұлының пайдалы қасиеттері мен қарсы көрсетілімдері

• Сұлы бүкіл ағзаны жалпы нығайтатын қасиетке ие.

• Оның құрамында дәрумендер мен минералдардың үлкен тобы бар. А, Е дәрумендері шаш пен тырнақтың өсуіне, саулығына, терінің серпімділігіне пайдалы болса, B, F дәрумендері жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді, асқазан-ішек жолдарына оң ықпал етеді, күрделі көмірсуларды глюкозаға айналдырады.

• Қан құрамындағы қант деңгейін азайтады, сондықтан сұлыны қант диабетіне шалдыққан адамдардың тұтынғаны жөн.

• Сұлының пайдалы қасиеттерінің бірі ол организмдегі артық сұйықтықты шығарады, ісінулермен қоса зиянды заттарды да шығарады. Бұл жағынан, сұлыны ұзақ медикаментозды емнен кейін пайдаланған жақсы.

• Сонымен қатар, ол несеп-тас ауруыменде күресуге көмектеседі.

• Холестеринді түсіруге әсер етеді.

• Сұлы асқазан-ішек жолының қызметіне оң әсер етеді: тыныштандырады, бүкіл ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді. Сұлының ішекке пайдасы – ол іш қатумен күреседі.

• Жүйке жүйесін нығайтады, күйзеліс кезінде көмектеседі.

• Сұлының суы мен тұнбасы ыстықты түсіретін, терлететін қасиетке ие.

• Сұлы бауырға өте пайдалы. Белгілі болғандай, бауыр – біздің қан түзу мүшеміз. Онда бүкіл токсиндер мен шлактар жиналады. Бауырымызды тазалай отырып, біз ағзамызға жаңа күш береміз.

• Сұлы азғаның ауруға төтеп беру қабілетін арттырады.

• Жөтелді өте жақсы емдейді және қалқанша безге өте пайдалы.

• Сұлы дәндерінде құрамы бойынша бұлшық ет ақуыздарына жақын аминоқышқылдар бар.

• Сұлының құрамында пайдалы ферменттер мен органикалық қосындылар бар.

Сұлының пайдалы қасиеттерімен қоса, қарсы көрсетілімдерінің де бар екенін білген жөн.

ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ

Сұлыны өт жолы ауруларында, бүйрек жеткіліксіздігінде байқап қолданған жөн. Әрқашан емдеуші дәрігермен кеңескен және өзіңізге қатысты ерекшеліктерді нақтылап алған дұрыс.

Еске сала кетсек, осыған дейін адам ағзасын қартайтатын тағамдар жайлы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837848-zer-betinde-trt-my-zyl-bryn-pajda-bolgan-slyny-pajdasyn-bilesiz-be/

pixel