Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық студенттің анасы Уханьда қалған жастарды елге қайтару үшін биліктен көмек сұрауда

Опубликовано:

Қазақстандық студенттер Қытайдағы жағдаймен бөлісу үшін БАҚ өкілдерімен байланысқа шуғын жалғастыруда. Олар биліктен өздерін елге әкетуді сұрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қорқынышты: Уханьда қамалған қазақстандық студенттер биліктен көмек сұрауда
Әнел Сисенғалиева, Фото: diapazon.kz: Depositphotos

Аружан Бегманова есімді қазақстандық студент қазіргі таңда каратинге жабылған Ухань қаласының аумағында жүргенін айтты. Бойжеткеннің сөзінше, жергілікті тұрғындар аш қалудан қорқып, дүкендегі барлық азық-түліктерді талап әкетіп жатыр.

Онымен бірге елді мекенде 87 қазақстандық студент бар екен. Бұған дейін бойжеткен қазақстандық биліктен оларды кеш болмай тұрғанда эвакуациялауын сұраған еді.

Содан кейін Аружан өздерін маманның бақылауында болып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жүргенін сөз етті.

Сонымен қатар, Уханьда Нанкине қаласында оқитын тағы бір қазақстандық студент Әнель Сисенғалиеваның қалып қойғаны белгілі болды. Ол көрші қалаға демалысқа келгені анықталды деп хабарлайды "Диапазон".

Бұл туралы редакцияға көмек сұрап келген студенттің анасы Рабиға Сисенғалиева мәлімдеген.

Әйел адамның сөзінше, студенттерге Уханьнан кету керек екені ескертіліпті, алайда жарты сағаттан кейін карантин туралы хабар пайда болып, жастар сол жерде қалып қойған.

Содан соң, студенттің анасының сөзінше, үш күн бойы еліміздің азаматтары жайлы мәлімет жиналыпты. Студенттер өздерін эвакуациялайды деп ойлаған, алайда елшілік тек елді мекенде қалып қойған қазақстандықтар туралы ақпарат жинап жүріпті.

Әйел адам қызымен үнемі байланыста екенін атап өтті.

Бойжеткен қалада медициналық маскалар мен дезинфекциялаушы құралдардың тапшы екенін айтқан. Әнелдің сөзінше, қала бос қаңырап қалған, дүкендер өз жұмысын тоқтатыпты. Азық-түлікті тек ірі сауда орталықтарынан алуға болады.

Сондай-ақ, қазақстандық студент оларға далаға шығуға, терезелерді кешкі 5 пен 9 аралығында ашуға тыйым салынғанын жеткізген. Себебі бұл уақыттарда ауаға дезинфекциялаушы заттар шашылады екен.

Әнелдің айтуынша, қала тұрғындары маскамен қорғануға тырысуда. Сонымен қатар, Уханьда елді мекеннен өз еркімен кетуге талпынған адамды жаза күтіп тұр деген сыбыс таралыпты. Анель ол жердің қорқынышты екенін атап өтті.

Осы орайда Рабиға Сисенғалиева қазақстандық биліктен студенттерді үйге қайтаруға көмектесуін сұрауда.

Еске сала кетейік, 26 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы коронавирустың елімізде таралуының алдын алуды тапсырды.

Осыған байланысты Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жиын өткізді.

Кейінірек мәжіліс депутаты Қытай мен Қазақстан арасындағы барлық шекаралардың жабылғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837941-kazakstandyk-studentti-anasy-uhanda-kalgan-zastardy-elge-kajtyru-sin-bilikten-kmek-srauda/

pixel