Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық министрлігі шұғыл 4 миллионға жуық бетпердеге тапсырыс берді

Опубликовано:

Қазақстанның ауруханаларына қосымша төрт миллионға жуық бетперде сатып алынады. Бұл туралы арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында бас санитар Жандарбек Бекшин мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Денсаулық министрлігі шұғыл 4 миллионға жуық бетпердеге тапсырыс берді
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Ауруханалар үшін біз шұғыл қосымша медициналық бетперделерді сатып алып жатырмыз.

Атап айтқанда, 2,5 миллион жай бетперде, 1,3 миллион респираторлық бетперде, бір рет қолданылатын және кәсіби костюмдер бар.

Бұдан бөлек, диагностикалық аппаратураға арналған құрал-жабдықтар сатып алынады", - деді Бекшин.

Оның айтуынша, ауыр науқастарды тасымалдауға арналған 30 капсула да жеткізіледі. Одан соң қосымша 33 тепловизор сатып алынады.

"Сонымен қатар біз отандық өнім өндірушілерден дәкеден жасалатын бетперделерді көптеп жасауды сұрадық", - деп атап өтті бас санитар.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де ҚРХ аумағында тараған коронавирустың жаңа түрінен қалай қорғануға болатынын айтып берген еді.

Алматылық сарапшы маман коронавирусты кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін, сондай-ақ, "өлім вирусының" алдын-алу жолдарын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838286-densaulyk-ministrligi-sgyl-4-millionga-zuyk-betperdege-tapsyrys-berdi/

pixel