Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішімдіктің көзін жою эстафетасы Алакөлде жалғасты

Опубликовано:

Алматы облысына қарасты Алакөл ауданындағы Қызылащы аулының тұрғындары жаппай ішімдіктен бас тартуда. Жергілікті ер азаматтар жақын маңдағы дүкендерден арақ-шараптың барлығын сатып алып, ауыл сыртында көзін жойған. Олар өзге отандастарын харам нәрседен тыйылуға шақырып, эстафетаны тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Алакөлдік жігіттердің игі бастамасы жайлы "Меломен" тобының әншісі Ролан Қазретов Instagram парақшасында хабарлады.

Эстрада өкілі жариялаған видеодан бір топ ер азаматтың ішімдік құйылған шыны бөтелкелерді сындырып жатқанын көруге болады.

Шоу-бизнес жұлдызы жерлестерінің бұл әрекетін қолдап, ащы судан аулақ болуға шақырды.

"Алакөл аудандағы біздің ауылға көрші Қызылащы ауылындағы бауырларымыз осындай эстафета бастапты. Қанша адамға зиянын тигізіп, әрі зиян келтіріп жатқан харам дүниенің көзін осылай құртуды бастаған жерлестерімді қоштаймын!!! Әрі қарай таралуға тұрарлық эстафета" , - деп жазды Ролан Қазретов.

Айта кетейік, бұған дейін 10 жыл бұрын ішімідіктен бас тартқан Түркістан облысы, Алмалы ауылы туралы жазған едік.

Дүкендерде алкоголь сатуды тоқтату бұл ауылдағы жағдайға айтарлықтай әсер еткен.

Сонымен қатар Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Боралдай ауылының тұрғындары да ішімдік пен нашақорлыққа қарсы екенін білдіріп, ішімдік толтырылған ондаған жәшікті құдыққа лақтырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838347-isimdikti-kzin-zou-estafetasy-alaklde-zalgasty-video/

pixel