Бекшин Қызылордадағы коронавирус туралы ақпаратты жоққа шығарды
Опубликовано:
Мемлекеттің бас санитар дәрігері Қызылордада коронавирустың анықталғаны туралы қауесетті жоққа шығарды. Әлеуметтік желіде Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында вирусты жұқтырғандар бар екені айтылған жалған құжат таралып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жандарбек Бекшиннің хабарлауынша, науқастардың бірі басы айналып, дене қызуы көтерілген себепті ауруханаға жүгініпті.
Әңгімеден кейін анықталғандай, ол терезесі ашық пойызбен жол жүрген. Нәтижесінде осындай ауру белгілері пайда болыпты.
Науқас жуырда қытайлық Хайнаньда демалып келгендіктен арнайы "қорапқа" жатқызылды.
Хабарланғандай, қазіргі таңда қазақстандық азамат денсаулығына шағымданып жатқан жоқ. Оның дене қызуы қалыпты деңгейге түскен.
Сондай-ақ, Бекшин Жамбыл мен Алматы облысында коронавирустың пайда болғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.
Қазақстандықтардың біріне ОРВИ диагнозы қойылды, ал қалғандары денсаулықтарын тексергеннен кейін үйіне қайтуға дайындалып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутат Бақытбек Смағұлдың Қытаймен арадағы шекара бекеттері жабылғанын айтқанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Қытайдың Хайнань аралына кеткен қазақстандық туристер мінген ұшақ Алматы әуежайына қонғаны хабарланды. Бортта тек Қазақстан ғана емес, Ресей мен Қырғызстан азаматтары да болған.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838443-beksin-kyzylordadagy-koronavirus-turaly-akparatty-zokka-sygardy/