Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпті коронавирус: Қазақстан 5 млн медициналық бетперде сатып алды

Опубликовано:

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 5 миллион медициналық бетперде сатып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қазіргі шаралар жайында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов баяндап берді.

"Қазақстан әуежайларына келген жолаушыларға бетперде тарату қажет деген өтініштер келіп түсті. Шет елдерден келген отандастарымызға көмектесу үшін бұл ұсынысты қарастырып жатырмыз. Сонымен бірге, маскалар туралы да айтқым келеді. Орта есеппен жылына екі миллионға жуық маска тұтынамыз. Ал қазір қосымша 5 млн бетперде сатып алып, резерв құрдық. Біздің ойымызша, бұл жеткілікті. Оған қоса, резервтік мақсатта отандық және шетелдік өндірушілермен келіссөздер жүргізудеміз", - деді ол.

Сонымен қатар, министр бетперде бағасының қымбаттауы мәселесіне қатысты пікір білдірді.

"Бетперде, дәрі және өзге де медициналық бұйымдардың қымбаттап кетпеуі үшін жергілікті атқару органдарына дәріхана басшыларымен жұмыс жүргізуді тапсырамыз" - деді Е. Біртанов.

Оның айтуынша, әзірге дүние жүзінде коронавирус жұқтырған 7 711 науқас тіркелді, 170 науқас көз жұмды. Сонымен бірге, жалпы 17 мемлекетте 90 науқас тіркелді.

Айта кетейік, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин коронавирус тарауының алдын алу үшін Қиыр Шығыстағы шекараны жабу туралы бұйрыққа қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838695-kauipti-koronavirus-kazakstan-5-mln-medicinalyk-betperde-satyp-aldy/

pixel