Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда 18 жастағы хоккейші Прокофьевпен қоштасу рәсімі өтті (видео)

Опубликовано:

Қазақстан елордасындағы "Барыс Арена" мұз сарайында Вилен Прокофьевпен қоштасу рәсімі өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ Фото: instagram.com/vilen_40
Коллаж: NUR.KZ Фото: instagram.com/vilen_40: Depositphotos

3 ақпанда "Снежные барсы" хоккей клубының жас қақпашысы Вилен Прокофьев өмірден өтті. Көп үміт күттірген спортшы ауыр дерттен көз жұмды. Ол 4 ай бойы Юинг саркомасын (сүйек қатерлі ісігі) жеңуге тырысқан.

Sputnik Қазақстан хабарлауынша, қыркүйек айында спортшы Жастар арасындағы хоккей лигасында ойнап, әлем чемпионатында өнер көрсетуде армандаған.

Сондай-ақ, Вилен Қазақстан Республикасы жастар құрамасының қақпасында тұрған.

Жақын арада хоккейшінің ауыр дертке шалдыққаны белгілі болды. Ол өткен жылдың қараша айында Мәскеуге емделуге кетіпті.

Бірақ жас хоккейшінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Бірнеше күн бұрын Вилен Прокофьев 18 жасында дүниеден озды. Бүгін марқұммен қоштасу рәсімі "Барыс Арена" сарайында өтті.

Басылым мәліметінше, Прокофьев өз туған жерінде, Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында жерленеді.

Жас хоккейшімен қоштасуға ондаған адам келді. Олар Виленнің табытына гүл қойып кетті. Көпшілік, тіпті көз жасын ұстай алмады.

Еске сала кетсек, өткен аптада баскетбол спортының жұлдызы Коби Брайант тікұшақ апатында қызы Джанна Мариямен бірге қаза тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839755-nr-sltanda-18-zastagy-hokkejsi-prokofevpen-kostasu-rsimi-tti-video/

pixel