Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара нәсілді жігіттен жүкті болған арудан жанұясы баланы алдыруды талап еткен

Опубликовано:

Ақтау тұрғыны афроамерикалық жігіттен жүкті болып қалғанын сөз етті. Айтуынша, аяғы ауыр екенін білген кезде сүйіктісі ізін суытқан. Болған жайтты біліп қойған бойжеткеннің отбасы оны түсік жасатуға үгіттепті. Алайда туыстарына қарсы шығып, балалы болған ол бүгінде бақытты екенін айтып, ағынан жарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қара нәсілді жігіттен жүкті болып қалған келіншек босануына қарсы болған отбасы жайлы айтты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Мектепті тәмамдағаннан кейін мәскеулік вузға оқуға тапсырдым. Сол жерде білім алып жүріп афроамерикалық жігітпен таныстым, сонымен жүре бастадым.
Мен жүкті болып қалмағанымша қарым-қатынасымызда бәрі жақсы болған. Ол балалы болатынын білген кезде жоғалып кетті. Өзге елде жалғыз қалдым", - деп есіне алды ақтаулық тұрғын.

Қызының жүкті екенін алдымен анасы, содан кейін барша туыстары біліпті. Кейіпкердің сөзінше, оларды бұл жаңалық есеңгіретіп жіберген.

"Барлығы бір ауыздан мені баладан бас тартуға үгіттеді. Бәрі маған қарсы шықты. Өзімді әлемде жалғыз қалғандай сезіндім.

Кейбірі мені мүлде өмірлерінен ысырып тастаған. Бір өкініштісі, олардың ешқайсысы оның біріншіден бала екенін ойлаған жоқ. Күйзеліске түстім, себебі баламның әкесі мені сатып кетті.

Түбінде әпкем қолдап, маған мына түзден шығуға көмектесті. Ол кісінің арқасында анам сабырға келіп, мені және қызымды қайта қабылдады", - дейді ол.

Біраз уақыттан кейін А. қазіргі күйеуімен танысқан. Ер адам келіншекті қызымен бірге қабылдаған көрінеді.

"Күйеуім - қазақ, ол қызымды көрген кезде таңырқамай, керісінше, оны бірден жақсы көріп кетті. Кейінірек ұл тудым, ол да әпкесін қатты жақсы көреді.

Олар үнемі бірге жүреді. Мен күйеуім мен отбасыммен мақтанамын. Адамдарға қандай жағдай болса да, үмітіңізді үзбеңіз дегім келеді.

Барлығы өтеді де кетеді, ал сіз өзіңіз тыңдап жүрген адамдардың кесірінен жасауыңыз мүмкін қателіктермен оңашада өмір сүруіңіз қажет болады. Өзіңіз үшін өмір сүріңіз", - деп түйіндеді А.

Өмірден алынған қызықты оқиғаңыз бар ма? Whatsapp +7 747 306 0668 (NUR.KZ) Whatsapp нөміріне хабарласыңыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839840-kara-nsildi-zigitten-zkti-bolgan-arudan-zanasy-balany-aldyrudy-talap-etken/

pixel