Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайдағы жанжал: Үкімет комиссиясының құрамына кімдер кірді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі үкімет комиссиясы құрылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz: UGC
"Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, парламент мәжілісінің депутаты Ш. Хахазов және "Дүнген қазақстандық қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Воинце мен қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары кірді", - делінген хабарламада.

Комиссия алдында кикілжің себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шұғыл шешуді қамтамасыз ету, келтірілген залал көлемін бағалау міндеттері қойылған. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

Сонымен қатар мемлекет басшысы оқиғаға байланысты үкімет комиссиясын құруды тапсырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840055-kordajdagy-zanzal-kimet-komissiasyny-kramyna-kimder-kirdi/

pixel