Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордай ауданында не болып жатыр: Сапарбаев түнгі тексеріс жүргізді (фото)

Опубликовано:

Премьер-министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

байбек
Фото: primeminister.kz: UGC

Сенбі күні түнде Бердібек Сапарбаев Сортөбе, Масанчи, Қаракемер, Қарасу елді мекендерін аралап шықты.

байбек
Фото: primeminister.kz: UGC

Сонымен  қатар вице-премьер Қарасу және Сортөбе шекара пункттерінің, оның ішінде сантариялық-эпидемиологиялық қызметтердің жұмыс барысын тексерді. 

байбек
Фото: primeminister.kz: UGC

Сапарбаев аудандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін құқық қорғау органдарының жеке құрамымен сөйлесті. 

байбек
Фото: primeminister.kz: UGC

Елді мекендердегі жағдай бірқалыпты.

байбек
Фото: primeminister.kz: UGC

Күндіз жергілікті тұрғындарға енді тәртіпсіздіктің болмайтыны, жағдайдың бақылауда екені айтылған болатын. 

байбек
Фото: primeminister.kz: UGC

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы, Қордай ауданында 7 ақпан күні жергілікті тұрғындар арасында болған жанжалдан 8 адам қаза тауып, 40-тан аса адам әртүрлі жарақат алған.

Аталмыш оқиғаға қатысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеме жасап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтты және зардап шеккендерге сауығып кетуін тіледі.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылып, олар бүгін Қордай ауданына барды.

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған топ ауруханаға барып, жанжал кезінде зардап шеккен тұрғындармен және аудан ақсақалдарымен сөйлескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840082-kordaj-audanynda-ne-bolyp-zatyr-saparbaev-tngi-tekseris-zrgizdi-foto/

pixel