Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қордайда марқұмдарды жерлеу рәсіміне Сапарбаев бастаған үкіметтік топ қатысты (фото)

Опубликовано:

Бүгін, 9 ақпанда, Қордай ауданында жаппай төбелес пен тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқандармен қоштасты. Аза тұту шараларына вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік топ та қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рррррр
Фото: primeminister.kz: UGC

Жерлеу рәсімі оқиғадан зардап шеккен екі ауылда - Масанчи мен Сортөбеде өтті, делінген премьер-министрдің сайтында.

рррррр
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин: UGC
«Президент Тоқаев пен үкіметтің атынан шын қайғырып көңіл айтамыз. Біз сіздерді бұл қиындықта қалдырмаймыз, сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етеміз. Сіздердің отбасыларыңызға көмектесеміз, мемлекет сіздерді қолдайтын болады», - деді Сапарбаев өз сөзінде.
рррррр
Фото: primeminister.kz: UGC

Марқұмдардың туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар биліктен кінәлілерді тауып, жазаға тартуды сұрады. 

«Бұл қылмыскерлік ниетпен жасалды. Бейтаныс адамдар ауылда жүріп, үйлерді өртеп, ақша мен алтын талап етіп, қарумен қорқытқан. “Үйлерің өртеніп жатыр, шығыңдар” деген. Олардың арасында мас адамдар болды», - деді ауыл тұрғындары.
рррррр
Фото: primeminister.kz: UGC

Сонымен қатар вице-премьер тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көрді. 

рррррр
Фото: primeminister.kz: UGC
«Мемлекет басшысы отбасыларға барлық қажетті көмекті және қолдауды көрсетуді тапсырды. Комиссия құрамында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Өскенбаев барды. Қазір мамандар келтірілген зардапты бағалап жатыр, барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалпына келтірілетін болады», - деді Сапарбаев. 
рррррр
Фото: primeminister.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840131-kordajda-markmdardy-zerleu-rsimine-saparbaev-bastagan-kimettik-top-katysty-foto/

pixel