Шетелдік басшының көңілдесі болып жүрген алматылық әйел сырын жайып салды
Жарияланған күні:
Алматы қаласында таксист болып жұмыс істейтін ер адам өзі куә болған жағдайды баяндап берді. Айтуынша, көлігіне мінген екі қазақ қызы қытайлық басшыларының қол астында жұмыс істеп, олардың көңілдесі болып жүргенін әңгімелеп беріпті деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алматылық тұрғын бұл туралы "Алаш айнасы" басылымында жазған.
"Мен таксиспін. Осыдан екі-үш күн бұрын барахолкаға адам апарып, бос қайтпайын деп сол маңнан бірнеше адамды ала қайттым. Көлігіме отырған шүлдірлеген екі қытай мен қазақтың екі сылқым сұлу қызы.
Жастары елудің ар жақ, бер жағындағы жаман қытайлар тілдерін бұрап орысша сөйлейді.
Артқы орындыққа екі қытай мен бір қыз отырды. Екінші қыз алдындғы орындыққа жайғасты. Айнадан байқап отырмын, екі қытайдың бірі әлгі орталарында отырған қызды өзіне құшақтай тартып, құлағына бір нәрсені сыбырлап қояды.
Екі қыздың да жасы 25-27 шамасында. Олардың қытайлармен қылжақтасып отырғанына біртүрлі болып қалдым.
Шыдай алмай жанымдағы қызға "Бұларың кім? Қайдан тауып алғасыңдар? Қазақтан жігіт табылмады ма?" деп төтесінен сұрақ қойдым.
Ол: "Барахолкада осылардың тауарын сатамыз. Басқаларға қайдам, әйтеуір бізге жақсы қарайды. Саудадан тыс кейде ақша да береді.
Осылармен араласқалы бері күнкөрісіміз жақсарып қалды. Мына артта отырған кепкалы қытай менің "досым". Былайша айтқанда "любовнигім" деді", - деп жазды ол.
Келіншек бұрын күйеуімен ажырасып кеткенін, жалғыз ұлын ауылдағы ата-анасы бағып отырғанын айтыпты. Қалада тәуір жұмыс болмаған соң, осы базарға жұмысқа тұруға тура келген.
"Осында жүріп Хумен таныстым. Етегі ашылған, күйеуден шыққан әйелмін. Ара-тұра Худың көңілін тауып, төсекте болып тұрамын. За то сол үшін Ху маған тәп-тәуір ақша береді.
Худың заңсыз қатындарының бірі болып жүрмін. Жалғыз мен емес, осы базарда оның оншақты ойнасы бар. Бәрі жап-жас әдемі қыз келіншектер. Күнкөріс үшін осы қытайдың ашынасы болып жүр.
Ал бұл қытай ақшаның арқасында талай қазақтың қызын астына салып, талтаңдап жүр" деді", - деп ағынан жарылды ол.
Әйел көлікте отырған тағы бір келіншектің күйеуі мен бала шағасы бола тұра басшысының қойнына кіріп жүргенін де жасырмай айтыпты.
"Мына артта отырған қыз менің подрушкам. Ол да осы Худың сатушысы. Ол да осы қытаймен жатады. Күйеуі, баласы бар. Күйеуі жұмыстан қысқарып қалып үйінде жатыр.
Ал бұл қыз соларды асыраймын деп амалсыз мына қытайдың көңілдесіне айналды. Қызды құшақтап отырған ана қытай мына менің "дос" қытайымның жақыны екен. Шанхайдан келіпті.
Ол да осы жақта бизнес ашпақ көрінеді. "Сендерге керек болады. Кеңірек таныстырамын. Біздің пәтерге барып, отырайық, демалайық" деп бізді сонда алып бара жатыр.
Енді бұлардың көңілін таппасақ болмайды ғой. Күнкөріс дегендей", - дейді автор.
Келіншек таксистің қытайлардың қол астында істемей, өзге жұмыс қарастыруға болмас па еді деген сауалына жалақының аз төленетінін айтып, сылтауратыпты.
"Әу баста жұмыс қарастырып көргенбіз. Төлейтін ақшалары мардымсыз. 60-70 мың теңгеге мына заманда қалада күн көре аласыз ба? Бәрі қымбат. Не істейміз? Амалсыз осындай тірлікке барып, амалдап жүрміз", - деп жауап қатыпты.
Естеріңізге сала кетейік, отбасылы адаммен көңіл жарастырған келіншек жан сырын ақтарды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840242-kytajlyk-bassyny-kildesi-bolyp-zrgen-almatylyk-jel-syryn-zajyp-saldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.