Алматыда қалың қар жауды: тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр (фото)
Опубликовано:
16 ақпан күні Алматы қаласында түнгі сағат 03.00-де жаңбыр жауып, оның арты қалың қарға ұласты деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі қар тазалау жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын мәлім етті.
"Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға, жол қиылыстары мен жолайрықтарға тайғаққа қарсы материал себілді. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша тайғаққа қарсы 3073 тонна материал пайдаланылды. Сағат 05.00-ден бастап қар тазалайтын көліктерден колонналар ұйымдастырылды. Олардың кедергісіз жүруі үшін жол полициясының патрульдік машиналары көмекке келді", – деп мәлім етті Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік тұрақтарын тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Қар тазалау жұмыстарына 597 бірлік техника мен 1668 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар 15 см-ге дейін, таулы аудандарда 25 см-ге дейін түсті.

Еске сала кетейік, 15 ақпанда оңтүстік астанада жер сілкінді. Қалалық ТЖД ақпаратына сәйкес, эпицентр оңтсүтік астанадан 242 шақырым жерде, атап айтқанда, оңтүстік-шығыс бетте қырғыз-қытай шекарасында орналасқан. Жер дүмпуінің сезілуі 2 баллды құрады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841192-almatyda-kaly-kar-zaudy-tazalau-zmystary-kalaj-zrip-zatyr-foto/