RU

Алдағы күндері Алматыға тағы да қалың қар түсуі мүмкін

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сейсенбі және сәрсенбі күндері қалың қар жаууы мүмкін екенін ескертеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

xcccc
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Төтеше жағдайлар департаменті "Қазгидрометтің" дауылды ескертуіне сүйене отырып, алматылықтар мен қала қонақтарына үндеу жасады.

Мегаполисте алдағы бірнеше күн бойы жауын-шашын болады деп күтілуде. Қолайсыз ауа райынан Үлкен Алматы мен Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін екені хабарланды.

Қар көшкініне тап болмас үшін қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауға кеңес беріледі.

Қолайсыз ауа райы туралы ақпаратты Gismeteo метеорологиялық порталы да растады.

Сайттың деректеріне сәйкес, сейсенбі, 18 ақпанда Алматыда күні бойы қар жауады. Дәл осындай жағдай сәрсенбі күні, 19 ақпанда қайталанады. Синоптиктердің дерегіншле, бүгін оңтүстік астанада күн бұлтты, дегенмен жауын-шашын күтілмейді.

Сонымен бірге, бүгінгі брифингте "Жасыл экономика" басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мен аудан әкімдіктері тәулік бойы қардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Мегаполисті қардан тазарту жұмыстарымен 600 арнайы техника және 2,5 мыңнан астам адам айналысуда.

Еске сала кетсек, Қазгидромет орталығы ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірге дауылды ескерту жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841322-almatyga-aldagy-knderi-kaly-kar-tsui-mmkin/