Алматыда үш автобус жол апатына түсіп, 7 адам зардап шекті (фото)
Опубликовано:
Алматыдағы Абай даңғылының бойында үш жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына тап болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметіне сәйкес, жол апатына түскен 120, 98, 57 маршруттарының автобустары батысқа бағыт алып жүрген.

Қоғамдық көлікке арналған жолақта келе жатқан 120-автобусқа 57-автобус соқтығысқан. Ол бүйірдегі айнасымен ортадағы 98-автобусқа да зақым тигізген.

Жол апаты салдарынан 7 адам зардап шекті.

Олардың барлығы 57-автобустың жолаушылары.

Оқиға орнынан пайда болған суреттерден жол апаты аялдама маңында болғаны байқалады.

57-автобустың алдыңғы жағының оң бөлігіндегі беті зақымданған.

Соққы салдарынан алдыңғы айна ішке кіріп, сынып кеткен.

Айта кетейік, бүгін Алматыда адамдарға жаппай шабуыл жасаған ағайындыларға сот үкімі шықты. Дінмұхамед Әлікеев жазасын 11 жыл 3 ай бойы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтесе, Жандос Әлікеев 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Ол қауіпсіздігі орташа колонияға жіберіледі.
Үкім қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Сотталушылардың адвокаты Станислав Кручевтің сөзінше, қорғаушы тарап үкіммен келіспейді және апелляция береді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841586-almatyda-s-avtobus-zol-apatyna-tsip-7-adam-zardap-sekti-foto/