Нұр-Сұлтан мен Қарағандыда ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылды
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда боранға байланысты мектептер мен колледждерде сабақтар тоқтатылды. Сондықтан, сабаққа оқушыларға ғана емес, студенттерге де бармауға рұқсат деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық білім беру басқармасында ауа райының қолайсыздығына байланысты мектепте бірінші ауысымдағы 0-11- сынып оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттеріне сабақ болмайтынын хабарлады.
Елорда ТЖД мәліметіне сәйкес, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, Нұр-Сұлтан-Шучинск, Нұр-Сұлтан-Атбасар және Нұр-Сұлтан-Қарағанды жолдары жабылды.
Айта кетейік, осыған дейін қала тұрғындарына дауылды ескерту хабарланған болатын. 18-19 ақпан күні елордада қатты боран соғуы мүмкін. Жел секундына 23 метрге дейін ұйытқиды деген болжам бар.
Ал Қарағандыда 0-4- сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Қалған сыныптарда мектептің алыстығын ескере отырып, ата-анасының қалауы бойынша шешім қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннның солтүстігіне, орталығына және шығыс бөлігіне циклон жырасы әсер етуіне байланысты қар жауады деп күтілуде. Ал батыс пен оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді. Солтүстікте және орталықта, атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын күтіледі.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841631-nr-sltan-men-karagandyda-aua-rajyna-bajlanysty-sabaktar-toktatyldy/