Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Головкин мен "Канелоның" үшінші кездесуі қыркүйек айында өтуі мүмкін

Опубликовано:

Шетелдік БАҚ-тың инсайдері Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы болуы мүмкін жекпе-жек туралы тың мәліметтер ұсынды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Al Bello / Staff / Getty Images
Фото: Al Bello / Staff / Getty Images: Getty Images

Пайда болған ақпаратқа сәйкес, мексикалық спортшы қазіргі уақытта үшінші жекпе-жекті өткізуге ниетті. Дереккөздердің мәліметінше, Сауль Альварес кездесуді алдағы қыркүйек айында өткізу бойынша қызығушылық танытқан, деп жазады Sports.kz.

Алайда, "Канелоның" талаптары да жоқ емес. Триология орын алған жағдайда Генадий Головкин салмағын мексикалық боксшы өнер көрсетіп жүрген 168 фунтқа көтеру қажет.

Инсайдер екі боксшының үшінші кездесуі бойынша келісімге келуі қиын екенін алға тартты.

Оның сөзінше, 2 мамырға жоспарланған Альварестің келесі жекпе-жегі әлі шешілмеген. Алайда, мексикалықпен қолғап түйістіретін басты қарсыласының Билли Джо Сондерс екендігі белгілі.

Қазақстандық боксшы Камиль Шереметке қарсы шығуды жоспарлап отыр, алайда қос спортшының арасындағы айқас пен оның өтетін күні әлі анықталған жоқ.

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің жарақат алып қалғанын, сол себепті жоспарлаған кездесуін кейінге қалдырғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841666-bak-golovkin-men-kanelony-sinsi-kezdesui-kyrkjek-ajynda-tui-mmkin/

pixel