Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сегізінші сынып оқушысы жоғалып кетті (фото)

Опубликовано:

Алматыда жасөспірім жоғалды. Мектеп оқушысына салынған іздеу әлеуметтік желіде мегаполоистегі білім басқармасының парақшасында пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

сегізз
Жоғалған бала. Фото: facebook.com/edualmaty: Depositphotos

Оңтүстік астанада жасөспірімге іздеу салынғаны басқарманың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған хабарламадан соң белгілі болды.

Жазбада жоғалған баланың сегізінші сынып оқушысы екені айтылған. Оның ата-жөні Шерхан Күнту. Басқарманың жазуынша, оқушы кеше, 20 ақпанда түскі уақыттан кейін үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

Жасөпірімнің бойы шамамен 150 см, ашық өңді, шашы қысқа, қара түсті.

Жоғалған оқушы қара күртке, бас киім мен джинсы киген. Аяғында көк түсті кроссовка бар. Сондай-ақ оның өзімен бірге қара сөмкесі болған.

Сонымен қатар Жетісу ауданының әкімі Мақсат Кикимов та Instagram желісіндегі парақшасында баланың жоғалғаны туралы жазды.

Алматы ПД ақпаратты растап, ата-анасынан баласының жоғалғаны туралы арыз кеше түскенін айтты. Жасөспірімді іздеу жұмыстары жалғасуда.

Арнайы іздеу тобы құрылған. Іздеу шараларына тек тәртіп сақшылары ғана емес, еріктілер де тартылған.

Полицияның айтуынша, бағыттама жасалып, оның көшірмелері сауда орталықтарының аумағына, сондай-ақ, жоғалған жасөспірім пайда болуы мүмкін ойын клубтарының ғимараттарына орналастырылған.

Ведомстводағылар оқушы аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылады деп үміттеніп отыр.

Еске сала кетсек, ШҚО-да тоғыз жасар Айдар Егізбаевтың жоғалғаны хабарланды. Мектеп оқушысын еріктілер мен полиция іздеу үстінде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842080-almatyda-segizinsi-synyp-okusysy-zogalyp-ketti-foto/

pixel