Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" директорлары ұсталды

Опубликовано:

Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен қолға түсірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру жұмыстарының барысында "Гарант 24 Ломбард" және "Estate Ломбард" сияқты ұйымдардың директорлары ұсталған.

Олар қаржы пирамидасын ұйымдастырып, салымшыларды заңсыз ұйымға тартты деген күдікке ілініп отыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, аталған қаржы ұйымдары 2019 жылдың соңынан бастап әрекет ете бастаған.

Олар салымшыларды өз ұйымына қаржы салған жағдайда қомақты қаржы табатындарына сендіріп, нәтижесінде бөтеннің мүлкін қылмыстық жолмен иемденгені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған қылмысты ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына тоғытылған.

Естеріңізге сала кетейік, айдың басында 10 мыңнан астам адам құрбан болған қаржы пирамидаларының қызметі Ақтөбеде тоқтатылған. Пирамиданы ұйымдастырды деп күдікке ілінгендер қамауға алынды.

Одан бөлек, "Гарант 24 Ломбард" филиалдарының директорлары Қазақстанның үш қаласында ұсталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842259-almatyda-garant-24-lombard-pen-estate-lombard-direktorlary-staldy/

pixel