Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина қашан шығатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирусқа қарсы вакцина АҚШ-та бірнеше ай бойы сынақтан өткізіледі. Ал жаппай пайдалануға тек 1-1,5 жылдан кейін ғана берілуі мүмкін екенін АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының директоры Энтони Фаучи мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Бір жарым айдың ішінде біз адамдарға вакцинаны тестілеуді бастаймыз деп болжаймын", - деді Фаучи баспасөз мәслихатында.

Оның мәліметінше, тестілеудің бірінші кезеңі шамамен үш айға созылады. Бұл уақытта вакцина 45 адамға, ал келесі кезеңде жүздеген, тіпті мыңдаған адамға сыналады.

"Мейлінше тез жасаған күннің өзінде ол 6-8 айға созылады. Сол себепті вакцинаны жаппай пайдалану үшін бір-бір жарым жылдай уақыт керек", - деп сөзін қорытындылады АҚШ-тың Ұлттық денсаулық институтының директоры Энтони Фаучи.

Еске сала кетсек, 1 наурыздан бастап елімізде шетелден келетіндер үйінде 14 күнге карантинге жатқызылады.

Одан бөлек, Коронавирустың таралуына жол бермес үшін еліміз Оңтүстік Корея және Иран мемлекеттерімен әуе хабарламасын уақытша шектейтіні белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842811-galymdar-koronaviruska-karsy-vakcina-kasan-sygatynyn-mlimdedi/

pixel