Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендерде интернет іске қосылатын болды

Опубликовано:

Қазақстан президенті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық экожүйені және адами капиталды дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің барлығы осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз етілетінін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан Президентіне қалаларды цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирусқа қарсы жан-жақты шара қабылдауды тапсырды.

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Коронавирустың бүкіл әлемге таралуы аса қауіпті. Үкіметке азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық нысандардың қызметіне нұқсан келмейтіндей жан-жақты шаралар қабылдау тапсырылды", - деді президент.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843209-250-den-asatyn-trgyny-bar-eldi-mekenderde-internet-iske-kosylatyn-boldy/

pixel