Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде сүйген қызын айуандықпен өлтірген жігіттің жазасы өзгертілді

Опубликовано:

Ақтөбеде сүйген қызын айуандықпен өлтіріп, он жылға бас бостандығынан айырылған жігіттің ісіне қатысты аппеляциялық шағым қаралды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Диапазон басылымына сілтеме жасап.

ақтөбе
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

23 жастағы жігіт 22 жастағы сөз байласқан қалыңдығын өлтірген еді. Сот шешімі бойынша ол алдағы он жылын темір тордың ар жағында өткізуі тиіс болған. Сонымен қатар, сот оған жәбірленуші тарапқа 2 млн 736 мың 275 теңге материалдық және 3 млн теңге моральдық шығын өтеуді міндеттеді.

Алайда мұны аз деп есептеген марқұмның туыстары аппеляциялық шағым түсірген.

Облыстық соттың апелляциялық комиссиясы жазаны өзгертті. 23 жастағы сотталушы енді 11 жылын түрмеде өткізеді. Бұған қоса, моральдық шығын ретінде жеті миллион теңге төлеуі тиіс.

Қайтыс болған қыздың анасы үкімге қарсы еместігін, қайта шағым түсірмейтінін айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін 23 жастағы сотталушының сот алдында жауап беріп жатқаны хабарланған.

Айта кетейік, өмір бойына бірге болуға серттескен ғашықтар оқиғасы қайғылы аяқталды. 23 жастағы жігіт болашақ қалыңдығын ашу үстінде жазым еткен.

Сот тергеуінде сотталушы 2019 жылдың тамызында марқұммен пәтерде кездескенін айттылды. Екі апта бұрын қызының жүкті екенін естіген жігіт үйленуге ұсыныс жасайды. Болашақ балалары туралы сөйлескен. Сол кезде қызының жүктілікті үзіп, түсік жасатқаны туралы естіген жігіт ашуға беріліп, оны мойнынан қылғындыраған. 

Сотталушы жәбірленушінің мойнынан қысып, тыныс алу мүшесін бітеп тастаған. Бойжеткеннің тіл асты сүйегі сынады. Кейін жігіт өзіне қол жұмсамақ болып,  дәріханадан дәрі алып ішкен. Полицияға жағдайды келесі күні ғана өзі хабарлайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843306-aktbede-sjgen-kyzyn-ajuandykpen-ltirgen-zigitti-zazasy-zgertildi/

pixel