Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында алғаш рет шетелдік көліктер тіркеуден өтті

Опубликовано:

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тіркелген көліктерді Қазақстанға әкелу және пайдалану туралы ереже бекітіліп, құжатқа үкімет басшысы қол қойған болатын. Соған сәйкес, елімізде Одақ елдерінен әкелінген көліктер уақытша тіркеуден өткізілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

Түркістан облысы Сайрам ауданының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөлік иелері алғаш рет Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен әкелінген автокөліктерін уақытша тіркеуден өткізді деп хабарлайды Polisia.kz.

Аудандық ХҚКО-да жергілікті тұрғын Сергей екі Шведов бірдей автокөлігіне уақытша тіркеу нөмірін алды.

Түркістан облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы – полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков бүгінде ЕАЭО елдерінен әкелініген шетелдік автокөліктерді рәсімдеу ережелері туралы кеңес алу үшін өңірдің 250-ден астам автокөлік иесі полицияға жүгінген.

Жаңа тіркеу нөмірлерін алған автокөлік иелері енді Қазақстанның барлық аумағында жыл бойына емін-еркін жүруіне болады. Алайда, содан кейін олар тұрақты тіркеу туралы шешім қабылдауға тура келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда алғаш рет ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктің тіркелгенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843525-trkistan-oblysynda-algas-ret-seteldik-klikter-tirkeuden-tti/

pixel