БАҚ: Иранның Сириядағы экс-елшісі коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Ирандық бұқаралық ақпарат құралдары Иранның Сириядағы экс-елшісі Хоссейн Шейхольислам коронавирустан көз жұмғанын жазды. Ол 62 жаста болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

бақққ
Фото: slovoidilo.ua: Facebook

Саясаткердің өлімі туралы ТАСС агенттігі Mehr ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлаған.

Агенттік тілшілерінің дерегіне сәйкес, саясаткер 4 наурызда ауруханаға жатқызылған, ал 5 наурызда көз жұмған. Оның өлімінің себебі коронавирус инфекциясы болған.

Басылымның жазуынша, Шейхольислам Дүниежүзілік ассамблеяның исламдық ағымын жақындастыру жөніндегі істер жөніндегі орынбасары болған.

Онлайн дайджест дерегіне сүйенсек, бүгінде Иранда 3,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Елде инфекциядан 107 адам қайтыс болған, тағы 379 науқас емделіп шыққан.

Еске сала кетсек, 26 ақпанда Иранның Ватикан мен Мысырдағы бұрынғы елшісі Хади Хосроушахидің 2 наурызда 79 жастағы саясаткер Мохаммад Мирмихаммадтың коронавирустан көз жұмғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Иранның өнеркәсіп және сауда министрі Рыза Рахмани коронавирус жұқтырғаны да хабарланды. Қазіргі уақытта министр жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы бірқалыпты. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844246-bak-iranny-siriadagy-eks-elsisi-koronavirustan-kz-zmdy/