Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда лауазымды шенеуніктің ұлы коронавирус жұқтырып алғанын ашық айтты

Жарияланған күні:

Грузияның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ауруларды бақылау ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзенің ұлы Николоз Гамкрелидзе өзінен коронавирус табылғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бұл туралы шенеуіктің ұлы Facebook парақшасында жазған.

Николоз Гамкрелидзе "Эвекс" деп аталтын ірі медициналық компанияны басқарады. Николоздың айтуынша, коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған.

Осыдан кейін ол өзін-өзі оқаушаласа да, көп кешікпей одан вирустың белгілері біліне бастаған. Ал тексерістің нәтижесінде одан коронавирус анықталған.

"Тиісінше, мен инфекциялық клиникаға ауысып, емделе бастадым. Бақытымызға орай мен байланысқан адамдар ортасы аз болып шықты. Олардың барлығы оқшауланған. Өзімді жақсы сезінудемін", - деп жазды Николоз Гамкрелидзе.

Сонымен қатар шенеуктің ұлы инфекция жұқтырған адамдарға қатысты жеке мәлімет құпия ақпарат болып саналатынына қарамастан өзі бірінші болып бұл жайлы бөліскісі келгенін жеткізді.

Осы арқылы Николоз аурудың ешқандайда ұятты дүние емес екенін дәлелдегісі келген.

Айта кетсек, бұған дейін ауруларды бақылау ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзе Грузияда жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 12 адамға жеткенін мәлімдеген.

Оның сөзінше, тек екі жағдай ғана Иранмен байланысты. Қалған вирус жұқтырғандардың барлығы дерлік Италиямен тікелей немесе жанама байланыста болған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Калифорния жағалуында тағы бір круиздік лайнердің карантиге жабылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844405-gruziada-lauazymdy-seneunikti-ly-koronavirus-zktyryp-alganyn-asyk-ajtty/