Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әкімі қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтады

Опубликовано:

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының аяулы тұрғындары мен қала қонақтарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ
Бақытжан Сағынтаев. Фото: NUR.KZ: Facebook

Өзінің құттықтау тілегін қала әкімі Instagram парақшасында жариялады.

"Алматының сүйкімді қыз-келіншектері мен оның аяулы тұрғындарын, қала қонақтарын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Бұл күн жақыныңды қадір тұтып, сүйіспеншілік пен мейірімге бөлеудің маңыздылығын айқындай түсетіндей.
Сіздерге бақыт пен махаббат тілеймін!", – деп ыстық лебізін арнады Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, бұған дейін "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің нәзік жандыларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтағанын жазғанбыз.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзік жандыларға деген өзінің жылы лебізін білдірген болатын.

Сонымен қатар, Ақтауда 10 жастағы мектеп оқушысының қалалық коммуналдық қызметте жұмыс істейтін нәзік жандыларды құттықтап, гүл шоқтарын сыйлағанын жазған едік.

Оқушы қаладағы дәмханалардың біріне сағыз сататын аппарат орнатқан. Барлық тапқан табысын коммуналдық қызмет өкілдеріне сыйлық алуға жұмсаған екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844439-almaty-kimi-kyz-kelinsekterdi-merekelerimen-kttyktady/

pixel