Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран коронавирусқа байланысты 70 мыңға жуық тұтқынды түрмеден босатты

Опубликовано:

Иран билігі аса қауіпті індет таралуына байланысты 70 мыңға жуық жазасын өтеушіні қамаудан босатты. Бұл туралы елдегі сот билігінің басшысы Ибрагим Раиси мәлімдед. Соңғы бір тәулікте Иранда коронавирус салдарынан тағы 43 адамның қайтыс болғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сentralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

ааааа
Көрнекң фото: pixabay.com: UGC
"Қауіпсіздікке қатер төндірмейтін жағдайда тұтқындарды босату жалғасады", - деп мәлімдеген Раиси 9 наурыз күні.

Қамаудан босатылғандар түрмеге қайта тоғытыла ма әлде билік оларды біржола босатты ма – шенеунік ол жағын нақты айтпаған.

Иран денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур елде коронавирус жұқтырғандар саны 595 адамға көбейіп, қазіргі кезде дертке шалдыққан 7161 адам бар екенін хабарлады.

Ол жария еткен ресми мәліметте қауіпті індеттен елде 237 адам қайтыс болғаны айтылған.

9 наурызда Иранның жоғарғы басшысы аятолла Әли Хаменеидің кеңсесі коронавирусқа байланысты биылғы Наурыз мейрамында Хаменеидің жұрт алдына шығып сөйлемейтінін хабарлады.

Бұған қоса осы мешіт орналасқан Мешхед қаласына да аятолланың бармайтыны белгілі болды.

Иран билігі елдегі мектептер мен университеттерді жауып, мәдени шаралар мен спорт жарыстары өтпейтінін хабарлаған.

Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында жұмыс уақыты да қысқартылған. Сондай-ақ сарапшылар Иран билігі коронавирус жұқтырғандар санын азайтып көрсетіп отыруы мүмкін деп сезіктенеді.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша әлемде қатерлі инфекция жұқтырғандар саны 113 мың адамға жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844757-iran-koronaviruska-bajlanysty-70-myga-zuyk-ttkyndy-trmeden-bosatty/

pixel