Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің шекарасын кесіп өтетіндер бір айдың ішінде он есеге қысқарған

Опубликовано:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дархан Ділманов коронавирус ушыққаннан кейін бір ай ішінде Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткендер саны он есеге азайғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
"Егер жылына шекарадан 48 миллион адам өтсе, бір ай ішінде он есеге қысқарған шығар. Оның ішінде біздің азаматтар, шетелдіктер де бар. Бірақ бұл дұрыс, қалыпты жағдай. Адамдар өз денсаулығына алаңдап жатыр", - деді ол.

Ділманов шекарашыларда ауру белгілері байқалмағанын, олардың ешқайсысы карантинге алынбағанын жеткізді.

Оның сөзінше, кез келген шекарашы қызметіне кіріспес бұрын міндетті медициналық тексеруден өтеді.

"Жұмысынан кейін, әдетте, екі үш күн демалады. Сол аралықта да қосымша бақылауда болады", - дейді Ділманов.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары және шекара қызметінің директоры шекарадағы барлық өткізу пункті күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

Одан бөлек, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін де атап өтті.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Еуропада коронавирустың кең таралуына қатысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанға Италиядан келетін шетелдіктердің кіруіне тыйым салынғанын хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845007-koronavirus-elimizdi-sekarasyn-kesip-tetinder-bir-ajdy-isinde-on-esege-kyskargan/

pixel