Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Премьер-министрдің орынбасары: Коронавирустан қорықпау керек

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда өткен брифинг кезінде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан қорықпау керектігін айтты. Ол ел тұрғындарын керісінше инфекциядан сақтануға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Коронавирус деген аурудан қорықпау керек. Коронавирус деген аурудан сақтану керек. Сол сақтану жолдарын ойластыруымыз керек. Ел білу керек. Халық білу керек. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі - әрбір жанұяның қауіпсіздігі. Сондықтан осы сұрақтың барлығына дайын болуымыз керек.
Қабылданған шаралардың арқасында осы уақытқа дейін Қазақстанда коронавирустың белгілері анықталған жоқ. Бұл жай әңгіме емес. Оның барлығы президенттің берген тапсырмасын орындауға бағытталған нақты қабылдаған шаралардың арқасы деп білу керек", - деді үкімет басшысының орынбасары.

Тоғжановтың айтуынша, елімізде коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Ол ел тұрғындарын алып-қашпа әңгімелерге сенбеуге шақырды.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус COVID-19 вирусын пандемия деп жариялаған еді.

Осыдан соң президент коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасап, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845025-eraly-togzanov-koronavirustan-korykpau-kerek/

pixel