Қазақстанда коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді
Опубликовано:
Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған үшінші адам анықталды. Ол Италиядан Нұр-Cұлтан қаласына ұшып келген. Науқас борттан бірден карантинге жіберілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Келіншекпен бірге бортта 90 жолаушы болған. Байланысқан адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардан сынама алынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.
Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.
Сондай-ақ елімізде коронавирус жұқтыру фактісі тіркелуіне байланысты "Б" жоспары күшіне енді. Осыған орай, елде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті сақтық шаралары басталады.
Ал Денсаулық сақтау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Ысқақов коронавирусқа қатысты брифингте медициналық мекемелерде коронавирусқа байланысты тапсырған тест нәтижелері 5-6 сағатта анықталатынын мәлімдеді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845314-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-sinsi-adam-tirkeldi/