Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық спортшы коронавирусқа тапсырған сынағының нәтижесін жариялады

Опубликовано:

Бұған дейін вирус жұқтырған жолушымен бір ұшақта ұшып келіп, карантинге жатқызылған Қазақстан теннис командасының капитаны Ярослава Шведова өзінен коронавирустың анықталмағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шведованың коронавирусқа тапсырған сынағы теріс нәтиже көрсетті
Фото: instagram.com/yaroslavashvedova: UGC

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Коронавирусқа тапсырған сынағым теріс нәтиже көрсетті! Алайда мен жұқпалы ауруды жұқтырған адамға жақын ұшқандықтан 2 апта карантинде жатуым керек. Жолаушылардың үштен екісі үй жайындағы карантиге жатқызылды.
Десе де, мен барынша өз бөлмемде позитивті болуға тырысып жатырмын. Барлығы сау әрі қауіпсіз деп ойлаймын", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан теннис командасының капитаны Ярослава Шведованың карантинге түскенін жазған едік.

Айта кетейік, бүгін, 16 наурызда елімізде таңғы сағат сегізден бастап төтенше жағдай енгізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түскі сағат 14:00-де Қазақстан халқына үндеуін жолдады.

Президент өз сөзінде бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізді алға тартып, жаһанда тараған қатерлі кеселмен күресуде қазақстандықтарға сенім білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845685-otandyk-sportsy-koronaviruska-tapsyrgan-synagyny-ntizesin-zarialady/

pixel