Қазақстан министрлері ТЖ кезінде қашықтықтан жұмыс істемейді
Опубликовано:
Қазақстан Республикасы МҚІА басшысы Анар Жайылғанова қазақстандық министрлер елде төтенше жағдай енгізілген кезде қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырыла ма деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Агенттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік қызметкерлердің 70%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру туралы тапсырмасының бірінші басшыларға қатысы жоқ екенін хабарлады.
Демек, министрлер мемлекеттік органдардың басшылары ретінде ТЖ кезінде бұрынғы жұмыс режимінде жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, МҚА-да бүгін Қазақстанда қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылған мемлекеттік қызметкерлерге үйде отырып, Skype арқылы кеңес өткізуді ұсынды.
Еске сала кетейік, 17 наурызда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимін енгізу туралы шешім қабылдады.
Осыдан кейін оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың карантинге жабылуына байланысты тұрғындарға мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ, Асқар Мамин коронавирусқа қарсы қабылданған шешімдер бойынша Тоқаевқа есеп берген еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846075-kazakstan-ministrleri-tz-kezinde-kasyktyktan-zmys-istemejdi/