Алматылық "жасотандықтар" мұқтаж жандарға арнап 100 масканы қолдан тікті
Опубликовано:
Алматылық "жасотандықтар" коммуналдық қызметкерлер мен аса мұқтаж жандарға арнап бірнеше рет пайдалануға жарайтын 100 медициналық масканы қолдан тікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Президентіміз жариялаған еріктілер жылында жасалған игі іс ерікті Бибінұр Байжігітқызының бастамасымен жүзеге асырылған көрінеді. Бұл жайында Алматы қалалық "Jas Otan" Жастар қанаты төрағасы Мади Ахмет өз Instagram парақшасында мәлімдеді.
Сапалы маскалардың әрқайсысы жоғары температурадағы сынақтан өткен және әр азаматқа үндеу жазылған арнайы хатқалтаға салып қапталған.

Белсенді жастар бұл әрекеттерін миллиондаған халқы бар қаланың коронавирусқа қарсы күресіне тамшыдай ғана тигізген үлесі деп біледі.
Олар осы бастама негізінде медициналық маска өндірушілерді әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырып отыр.
"Әрбір тігін цехы 50 маска тегін таратса, қоғамдағы дүрбелеңнің азаюына зор үлес қосар еді",- деп жазды Мади Ахмет.
Айта кетейік, әлеуметтік желі арқылы маска сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтар арбауына түсіп қалды.
Ал елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 36-ға жетті. Олардың 18-і Алматыда, 18-і Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846108-almatylyk-zasotandyktar-mktaz-zandarga-arnap-100-maskany-koldan-tikti/