Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекетаев: Қазақстанда коменданттық сағат енгізу мәселесі қарастырылмайды

Опубликовано:

Әділет министрі әлемдік пандемияға және коронавирустың Қазақстан аумағында пайда болуына байланысты коменданттық сағат енгізу мәселесі қарастырылмайтынын мәлімдеді. Оның ойынша, төтенже жағдай тәртібі жеткілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Бүгін әділет министрлігінің онлайн-брифингінде біздің заңнамамызда коменданттық сағаттың түсінігі жазылғаны атап өтілді – оны енгізу үшін 10 шақты негіз бар.

Алайда, министр Марат Бекетаевтің мәлімдеуінше, бұндай шараны енгізу мәселесі қарастырылмайды. Айтуынша, қазіргі төтенже жағдай тәртібіндегі шектеулер жеткілікті.

ТЖ тәртібі мемлекетке жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ коронавирустың таралуын тоқтатады.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Астана әкімі Алтай Көлгінов карантинге байланысты елорда тұрғындарына үндеу жолдады.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қалада енгізілген карантин тәртібін коменданттық сағатпен шатастырмауға шақырды.

Оның айтуынша, коменданттық сағат, яғни тұрғындардың қала ішіндегі қозғалысын белгілі бір уақыт көлемінде шектеу жоспарланып отырған жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846607-beketaev-kazakstanda-komendanttyk-sagat-engizu-mselesi-karastyrylmajdy/

pixel