Италияда соңғы тәулікте 793 адам коронавирустан көз жұмды
Опубликовано:
Италияда соңғы тәуліктерде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны артты. Мұнда індеттен 793 науқас көз жұмған. Эпидемияның құрбанына айналғандардың жалпы саны 4825 адамға жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, әлем бойынша бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 32 мыңға өсіп, жалпы көрсеткіш 266 мыңға жеткен. 11 мыңнан астам науқас көз жұмған. Джонс Хопкинс атындағы университеттің хабарлауынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асуда.
Қазір індеттің нағыз ошағына айналып отырған Италия бейсенбі күні өлген науқастар саны жөнінен Қытайдан асып түсті. Бұл мемлекетте соңғы тәулікте 793 адам көз жұмды.
22 наурыздағы дерекке сәйкес, Covid-19 Италияның 53 578 тұрғынынан анықталған.
Еске сала кетсек, кеше Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 627 адамға жеткені хабарланды.
Сондай-ақ әлем бойынша инфекция жұқтырғандар саны жылдам артуда. Мәселен, кеше Джонс Хопкин университеті мамандарының мәлімдемесінше, әлемде 274 мыңнан астам адамнан коронавирус табылған еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846741-italiada-sogy-tulikte-793-adam-koronavirustan-kz-zmdy/