Жамбыл облысы мен СҚО-да коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді
Опубликовано:
Еліміздің екі өңірі Солтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"24 наурыз 23:20-деі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 72 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде коронавирус дертіне шалдыққандар 70-ке жеткенін хабарлаған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847045-zambyl-oblysy-men-sko-da-koronavirusty-algasky-zagdajy-tirkeldi/