Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында коронавирус індетінің алғашқы жағдайы тіркелді

Опубликовано:

Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адам тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті індетке шалдыққандардың саны 125-ке жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

27 наурыз сағат 14:20-дегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Павлодар облысында тiркелді.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында – 48 адам, Қарағанды қаласында - 4, Жамбыл облысында -3 адам, Атырау облысы - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, жалпы 125 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адам Алматы мен Шу қалаларында қонақта болған.

Қазақстандағы коронавирус бойынша 27 наурыз сағат 12:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 инфекциясына жұқтырғандар саны 124-ке жеткен.

Олардың үшеуі Атырау облысында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847496-pavlodar-oblysynda-koronavirus-indetini-algasky-zagdajy-tirkeldi/

pixel