Мысырдан келген қазақстандықтар карантиннен бас тартып, әлек болған (видео)
Опубликовано:
Мысырдан Қазақстанға оралған Шахтинск тұрғындары карантинге барудан бас тартып, полиция мен дәрігерлерге есік ашпай қойған. Отбасын үйден шығару үшін тәртіп сақшыларына құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 25 наурыp күні Шахтинск қаласында болған.
"Мысырдан ұшып келген адамдар қажетті медициналық тексерістен өтуден бас тартып, полиция мен медицина қызметкерлеріне есік ашпады. Өрт сөндіруші-құтқарушылар төртінші қабатта орналасқан пәтердің балконына автосаты орнатты. Осыдан кейін үй иелері сыртқы есікті өз еркімен ашты", – деп хабарлады ТЖД қызметкерлері.
Шетелден келген азаматтар карантинде отырғысы келмей, өздерін үйде оқшауламақ болған.
Қарағанды полиция департаменті тұрғындардың ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты оқиға орнына полиция жасағы мен учаскелік полиция қызметкері шақырылғанын атап өтті. Төтенше жағдай режимі кезіндегі заң бұзушылықтар туралы заңнаманы түсіндіргеннен кейін, отбасы Қарағандыға өз еркімен карантинге баруға келіскен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы коронавирус жұқтырған науқастардың қайдан келгенін хабарлағанбыз.
Соңғы деректерге сәйкес, елімізде инфекция жұқтырғандар саны 125 адамға жетті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847514-mysyrdan-kelgen-kazakstandyktar-karantinnen-bas-tartyp-lek-bolgan-video/