Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 251-ге жетті
Опубликовано:
Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан тағы 22 адам тiркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 251- ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған ақпарат Қазақстандағы коронавирус жайлы ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 16 адам, Алматы қаласында - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 151 адам, Алматы қаласында – 64 адам, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6 адам, Атырау облысы - 6 адам, Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 4 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 2 адам, жалпы 251 науқас тіркелді",- делінген хабарламада.
Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 600 мыңнан асты деп мәлімдеді Джонс Хопкинс университеті. Ауырғандардың көп бөлігі АҚШ-та. Науқастар саны бойынша Қытайды басып озған Америка Құрама Штаттарында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 100 мыңнан асып отыр.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847731-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-251-ge-zetti/