Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 3 адам тіркелді: Елімізде коронавирус індетіне шалдыққандар 343-ке жетті

Жарияланған күні:

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 адам тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 343-ке жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото:NUR.KZ
Көрнекі фото:NUR.KZ: Original

1 сәуір 01.45-тегі жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Атырау облысында тiркелді.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 178 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 1 адам, жалпы 343 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев карантин ережелерін бұзып, үйінен себепсіз шыққан астаналықтар мен алматылықтарға қатысты қолданылатын шараларды айтып берген еді.

Көшедегі азаматтарға полиция келіп, олардың қайда бара жатқаны туралы сұрауы мүмкін. Егер үйден еш негізсіз шықса, азаматқа ескерту жасайды. Тәртіпке бағынбағандар келесі жолы 26 500 теңге көлемінде айыппұл салынып немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін.

Сондай-ақ кеше Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғаны үшін жүздеген адамның жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848262-atyrau-oblysynda-3-adam-tirkeldi-elimizde-koronavirus-indetine-saldykkandar-343-ke-zetti/