Бас миының ісігімен күресіп жатқан 11 жасар алматылық бала елдің көмегіне зәру
Жарияланған күні:
11 жастағы алматылық Ернұр Рысқұл бас миының ісігімен күресуде. Қазір ол анасымен бірге Стамбулда ем қабылдап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Ұлымның басы жиі ауырып, мұрнынан қан ағатын. Бізге ішкі бас сүйек қысымы диагнозын қойды. Сол кезде ұлым екінші сыныпта оқитын, сонымен қоса шахмат, робототехника және ағылшын тілін үйренумен айналысатын.
Бір күні маған шахмат нұсқаушысы қоңырау соғып, ұлымның тоқтаусыз құсып жатқанын, жағдайы нашарлап кеткенін хабарлады. Мен дереу барып, ұлымды емханаға апардым. Педиатр "уланған" деген диагноз қойып, құсуға қарсы дәрілер жазып, үйге жіберді.
Дәрілер көмектеспеді, оған бас аурулары қосылды. Біз тағайындалған барлық дәріні іштік, алайда ұлымның жағдайы жақсармай, керісінше нашарлай берді. Басының ауырғаны күн сайын жиілей түсті", - дейді баланың анасы Айнұр Мұсақұлова.
2018 жылдың ақпанында оқушыға "онкология" диагнозы қойылған. Оны дереу нейрохирургиялық орталыққа ауруханаға жатқызып, бірнеше күннен кейін ісікті алып тастау үшін ота жасалған.
Алайда гистология нәтижесі ісіктің қайтадан өсіп жатқанын көрсеткен. Балаға химиятерапия мен сәулелі терапия тағайындаған. Ернұрды Стамбулға апарып, оған тағы да ота жасалған. Елге оралған соң оның миындағы ісіктің қайтадан өсе бастағаны анықталған.
"Дәрігерлердің көмектесе алмаймыз және ісік жылдам өсіп жатыр дегені өте ауыр соққы болды. Біз көлігімізді сатып, емді шетелден іздей бастадық. Бізді Мәскеуге қабылдады, бәрі қайтадан басталды. Ісікті алу, "химия" курсы, "қайталануы", - дейді Айнұр.
Германияға емделуге бару үшін отбасы пәтерін де сатып жіберген. Алайда ақша жетпей, жарты жолдан қайтқан. Германиядағы ота кезінде, оқушының миына қан құйылған. Соның салдарынан баланың сол жақ денесі сал болып қалған.
Қазір Ернұр Стамбулда радиотерапия және химияпрепараттармен терапия емін қабылдап жатыр.
"Сондай-ақ гистологияны Америкаға мутациясын зерттеу үшін жіберді. Бір айдан кейін жауабы келді. Америкада мутациялық генге бағытталған препарат жасалған. Біздің геніміздің мутациясы өте сирек кездеседі екен. 1 миллион халықтың тек біреуінде ғана осындай мутациялық ген кездеседі.
Енді бізде бұл аурудан айығып, толыққанды өмір сүреміз деген 100 пайыздық кепілдік бар. Бірақ біздің ақшамыз таусылды. Бізге емделуге керекті ақшаны жинауға көмектесіңіздер, біздің мүмкіндігіміз бар. Бізді жарты жолда тастамауларыңызды сұраймыз", - деді Айнұр.
Көмектесу үшін реквизиттер:
- Kaspi Gold: 5169 4971 8722 3452 (Айнур Мусакулова)
- Kaspi Gold-ке тіркелген нөмір: +7 702 209-38-58
- Сбербанк 5392 1500 0192 1350
- Сбербанк 4578 3200 0890 6469
- Qiwi - кошелек нөмірі 8702 209-38-58
Балансты толтыру: 8771 338-39-39
Рубльдегі Сбербанк: (онлайн): 2202 2014 4674 0587 (Гулнара Пердебаева)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848435-bas-miyny-isigimen-kresip-zatkan-11-zasar-almatylyk-bala-eldi-kmegine-zru/