Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз тұрғыны қауіпті вирусты өзі мінген пойыздағы әйелден жұқтырған

Опубликовано:

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырудың екі жаңа оқиғасы тіркелген. Олар 29 жастағы ер адам мен 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

29 жастағы ер алам
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
  • Науқастардың бірі 41 жастағы Тараз қаласының тұрғыны.

"Қызылорда-Петропавл" бағытындағы пойызда Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған. Жолаушы туған жеріне оралғанда өзінде вирус барын біліпті.

Жақын байланыс жасаған 8 адам анықталып, карантинге жатқызылған. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға тесттер алынды.

Бұған дейін аталған Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған Қызылорда-Петропавл пойызының 7 жолаушысы табылып, карантинге жіберілді. Олардың талдауы теріс нәтиже көрсетті.

  • Екінші науқас - 30 наурызда облысқа Ресей Федерациясынан оралған Жамбыл облысының тұрғыны.
Келгеннен кейін, алгоритм бойынша, ол карантиндік ауруханаға түскен. Сараптама оң нәтиже көрсеткеннен кейін науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.

Екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық, ауру жеңіл өтуде, хаттамаға сәйкес қажетті ем қабылдануда.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер олардың тұрғылықты жерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізгенТараз тұрғын.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 402-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848563-taraz-trgyny-kauipti-virusty-zi-mingen-pojyzdagy-jelden-zktyrgan/

pixel