RU

Полицейге қарап әдейі жөтелген азамат жарты жылға бас бостандығынан айырылды

Лондонның мас тұрғыны коронавируспен ауыратын кейіп танытып, полиция қызметкеріне қарап жөтелген. Бұл әрекеті үшін азамат бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: azh.kz
Көрнекі фото: azh.kz: Facebook

31 наурыз күні 55 жастағы Адам Льюс мас күйінде Лондон көшелерінде қыдырып жүрген. Сол сәтте ер адамды жергілікті полиция қызметкері байқап қалады. Ал Льюс коронавируспен ауыратын кейіп танытып, офицерге қарап жөтеледі. Тәртіп сақшысы бірден тұрғынды тұтқындап, бөлімшеге жеткізеді.

Келесі күні, 1 сәуірде жергілікті сотта Льюстің ісі бойынша сот тыңдалымы өтеді. Прокурор әлемде қалыптасқан жағдайды есепке алғанда, азамат аса ауыр қылмыс жасағанын мойындап, оған "құқық қорғау органдары қызметкерінің өміріне қауіп төндіру" бабы бойынша айып таққан.

Енді Льюис жарты жылын қалыпты режимдегі түзету колониясында өткізеді.

Ал ер азаматтың өзі қатты мас болғаны соншалық, не істеп, не қойғаны есінде жоқ екенін айтады. Кейінірек Льюстің 2019 жылдың қыркүйегінен 2020 жылдың наурызына дейін ұрлық пен бұзақылық бабы бойынша үш рет жазасын өтегені анықталған.

Айта кетейік, әлемде коронавирус жұқтырғандар 1 миллионнан асты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848755-policejge-karap-deji-ztelgen-azamat-zarty-zylga-bas-bostandygynan-ajyryldy/